Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-46-66
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-20-34
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебіміздің оқушылары Тарихи оқиғаның бір бөлігі болды/Ученики нашей школы стали частью Исторического события
17
наурыз
2026

Мектебіміздің оқушылары Тарихи оқиғаның бір бөлігі болды/Ученики нашей школы стали частью Исторического события

https://www.instagram.com/reel/DV_EJ7kiFTC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==

Алматыдағы Almaty Arena алаңында Наурыз мейрамына орай «Домбыра үні» атты ең ауқымды балалар флэшмобы өтті. Оған 11 мың оқушы қатысып, жаңа ұлттық рекорд тіркелді.

Қаланың 200-ден астам мектебінен жиналған жас домбырашылар Төлеген Мұхамеджанов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиевтің күйлері мен Құрманғазының «Балбырауын» шығармасын заманауи өңдеуде орындады.

Музыкалық қойылым 4 минут 38 секундқа созылып, Қазақстан рекордтар кітабының (КИнЭС) өкілдері тарапынан ресми түрде тіркелді. Ерекшелігі — қатысушылар бір ғана күй емес, күрделі попурри орындады.

Шараны Алматы қалалық білім басқармасы әкімдік қолдауымен ұйымдастырған. Дайындық жұмыстарына бірнеше апта бойы 1000-ға жуық педагог атсалысқан.

Бұл флэшмоб ел тарихындағы ең ауқымды шаралардың бірі ретінде ұлттық мәдениетке деген жастардың қызығушылығын көрсетті. 

 Бұл аталмыш шарада біздің де мектебіміздің оқушылары Тарихи оқиғаның бір бөлігі болдыү