Конкурсная документация » Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия №6» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№6 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 242-46-66
Есепші бөлімі:
+7(727) 338-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
қаңтар
2015

Конкурсная документация

 

«Бекітемін»

Алматы қаласыБілім басқармасының

«№6мектеп-гимназия» КММ

Директоры Таженова А.Б.

__________________

5 қаңтар 2015 ж.

№ 3-6___бұйрық 05.01.2015ж.

 

 

 орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдаужөніндегі конкурстық құжаттама

 

Алматы қаласы білім беру басқармасының

«№6 мектеп-гимнмазия»КММ

білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді таңдау жөніндегі конкурс


Конкурсты ұйымдастырушы:                                                                                  

Алматы қаласы Білім басқармасы «№6мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  050062, Алматы қаласы,  5 ықшам ауд, Қуанышбаев көшесі, 49а

ИИК KZ32070102KSN1000

БСН 96114000778

БИК KKMFKZ2A, Кбе 12

 

Email:  shkolagimnaziya6@mail.ru,   немесе мына сайт allschool.kz арқылы

1. Жалпы ережелер

 

1.Конкурс Алматы қалалық білім басқармасының «№6 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі жабдықтаушыны таңдау мақсатында өткізіледі.

Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны 1014 білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар 1-4 сыныптар арасындағы оқушы саны 533 және жетімдер мен қамқоршысыз қалған, көп балалы отбасы, жағдайы төмен отбасы оқушылар саны- 85.

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 11010000-00 теңгені құрайды.

Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды.

2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды: 

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;

2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы; 

3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінішті; 

4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді; 

5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.

3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өтініш беруші конкурсқа қатысуға өтінішпен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінішті қамтамасыз етуді: 

1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) мынадай банк шотында

KZ450705023603930001

(конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) банктік шотының толық деректемелерін көрсету)

орналастырылған ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы; 

2) осы Үлгілік конкурстыққұжаттамаға  сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді. 

 

2. Әлеуетті өтініш берушілерді конкурс туралы хабардар ету

 

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өтініш  берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.

6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.

7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.

8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

Көшірмесін алган жабдықтаушыларға конкурстық құжаттардың ережесін тусіндіру

1.Конкурсқа қатысушы жабдықтаушы конкурстық құжаттарға қатысты сауалдарын жазбаша түрде 2015жылдың 13 маусымында сағат 18.00-ден кешіктірмей жіберуі тиіс, жабдықтаушы өз сауалдарын сатып алуды ұйымдастырушының мына реквизиттеріне жіберулері тиіс; Алматы қаласы, 5 ықшам ауд., Қуанышбаев көшесі, 49а, есепші кабинеті

2.  Мемлекеттік сатып алушы құжаттарға қатысты сауалдарды алғаннан кейін, үш жұмыс күн ішінде оған жауап беруге тиісті.

А) Конкурстық құжаттарды алғаны туралы журналға тіркелген адамға конкурстық құжаттардың ережесін жібереді.

Ә) Өзінің вебсайтында конкурстық құжаттардың ережесін түсіндірген мәліметті  жариялау.

3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу

 

9. Конкурсқа қатысуға өтініш:

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өтініш берушінің қолы қойылып,  мөрімен куәландырылған өтінішті;

2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:

заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама,заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып,банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;

конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары жәнежинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы,теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.

Жабдықтаушы конкурсқа қатысу жөніндегі өтінішін конвертке салып, оның бет жағына өзінің толық мекен-жайын (уақыттан кешіккен жағдайда конвертті ашпай қайтару мақсатында), толық аты-жөнін, мекенөжайын, конкурстың тақырыбын жазады

 

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

 

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып: 050062, Алматы қаласы, 5 ықшам ауд., Қуанышбаев көшесі, 49а,Алматы қаласы білім басқармасының «№6 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі №54 кабинет Конкрусқа қабылдау және құжатты тіркеуге жауапты – Князева Татьяна Павловна

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері, 13 ақпан 2015 жылы сағат 18-00ге дейін №54 кабинетінде аяқталады.

телефон 8(727) 338-20-34.

11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім берушіжөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.

Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралымәліметтер енгізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.

13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

 

5. Конкурс өтінімдерібар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

 

14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада конкурсты ұйымдастырушы көрсеткен күні, уақыт пен орында конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 14  ақпан 2015 ж. сағат 09-00 -де 

 мына мекенжай бойынша Алматы қаласы, 5 ықшам ауданы, Қуанышбаев көшесі, 49а, №20 кабинетінде ашылады.

Конкурс бір ғана өтініш түскен кездің өзінде, ол өтініш жазылған конверт ашылады

Конкурсқа қатысуга өтініш білдірген конвертті ашуға қатысқан жабдықтаушының өкілетті өкілдері өздерінің өкілеттіліктерін растайтын құжаттарды көрсетіп,жабдықтаушы тіркелетін журналда тіркелуі тиіс; Алматы қаласы, 5 ықшам ауд., Қуанышбаев көшесі, 49а, 20 кабинет сағат 09.00.

Жабдықтаушы мен оның өкілетті өкілдері конкурс комиссиясына конкурсқа қатысу туралы өтініш білдірген конверттерді ашу кезінде бейнежазу мен бейнетүсірілім жасайтын техникалық құралдарды пайдаланатындарын хабарлайды.

Конкурсқа қатысуга өтініш білдірген хатты ашқанда конкурстық комиссия отырысына қатысушылардың иесіне, конкурстық комиссия хатшысының жұмысына жабдықтаушы мен оның өкілетті өкілдерінің араласуына, қол сұғуына тиым салынады

15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.

16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерін ашады.

17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттер ашылуға жатады.

 

18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.